422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

iPhone 12-нің дизайны таныстырылды

  • 824
  • UPD: 09:49, 24.12.2019
iPhone 12-нің дизайны таныстырылды

Жаңа iPhone 12 смартфонының моделін жасаушылар оның макетін дайындап, алдыңғы модельдерден несімен ерекшеленетінін көрсетті.

Бейнежазбаны жапондық Macotakara сайты жариялады.

Инсайдерлер 12-ші iPhone корпусының бейнесін жасап, оны 3D принтерімен басып шығарған.

Сарапшылардың пікірінше, iPhone 12-ның сыртқы бейнесі басқа Apple смартфондарынан айтарлықтай ерекшеленбейді. Алайда айырмашылықтар бар. Мысалы iPhone 11-дегідей дөңгелек жақтаулар тегіс болады.

Сондай-ақ жаңа смартфон Face ID, үш камера және Lightning қызметтерін сақтап қалады.

Apple компаниясы iPhone 12 смартфонын 2020 жылдың қыркүйегінде ұсынбақ.

Хабар 24 телеарнасы