431,03 474,00 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде жойғыш ұшақ тайгаға құлады

  • 461
  • UPD: 07:44, 25.12.2019
Ресейде жойғыш ұшақ тайгаға құлады

Ресейдің Хабаровск өлкесінде Су-57 заманауи жойғыш ұшағы апатқа ұшырады.

Абырой болғанда, құрбандар жоқ. Өйткені ұшқыш дер кезінде сыртқа шығып үлгерген. Ал әуе кемесі тайгаға құлаған. Оқыс оқиға жойғыш ұшақты сынақтан өткізу кезінде болды. Апаттың нақты себебін анықтаумен арнайы комиссия айналысып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша төтенше жағдайға техникалық ақау немесе адами фактор себеп болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы