412,10 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Асадтың әскерлері лаңкестерге бағынышты Идлибті тас-талқан етті

  • 372
  • UPD: 11:17, 25.12.2019
Асадтың әскерлері лаңкестерге бағынышты Идлибті тас-талқан етті

Сирияның Идлиб өңіріндегі 50-ден астам елді мекенге әуеден соққы жасалған. БҰҰ осылай деп мәлімдеді.

Нысанаға әскери ғимараттар ғана емес, медициналық және білім беру орталықтары да ілінген. Салдарынан мыңдаған бейбіт тұрғын баспаналарын тастап, Түркия шекарасына қарай қашып жатыр. Өңір тұрмыс-тіршілікке қажетті заттарын тиеген жүк көліктерінен көрінбейді. Кейбірі тіпті басын аман алып қалу үшін шекараға қарай жаяу шыққан. Айта кетейік, соңғы екі аптада Идлибтің оңтүстік-шығысындағы жағдай ушыға түсті. Бүлікшілер бақылауда ұстайтын бұл өңірге Сирия үкіметі басып кірмек. Одан бөлек, Ресей тарапы да әуеден соққы жаудырып жатыр. БҰҰ тараптарды алты сағат оқ атпай тұруға шақырды. Бұл уақыт аралығында 2 жарым мың тұрғын қауіпсіз жерге көшіп үлгеруі керек. Жалпы, өңірдегі қақтығысқа байланысты 80 мың мигрант Түркия аумағына өтеді деген ақпар тарауда. 

Нуман Бейдер, жергілікті тұрғын:

- Мен осы маңайдағы елді мекеннен шықтым. Башар Асад Идлибтің түгін қалдырмай көктен де, жерден де шабуыл жасап жатыр. Қирандылардың астынан қаншама бейбіт тұрғындарды шығарып алдық. Енді мұнда қала алмаймыз. Баспанамызды тастап, қашып барамыз. Жеке заттарымызды алып та үлгермедік.

Хабар 24 телеарнасы