411,72 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп «Үйде жалғыз қалғанда-2» фильмінде ойнағаны туралы айтып берді

  • 597
  • UPD: 10:05, 25.12.2019
Трамп «Үйде жалғыз қалғанда-2» фильмінде ойнағаны туралы айтып берді

АҚШ президенті Дональд Трамп 1992 жылы түскен «Үйде жалғыз қалғанда-2» комедиясындағы рөлі туралы түсінік берді.

Ол бұл фильмге түскенін мәртебе санайтынын айтты, деп хабарлады korrespondent.net.

«Менің бұл фильмге түскенім туралы жыл сайын көптеген адамдар айтады, әсіресе рождество күндері. Өте жақсы фильм, менің де жас кезім. Бұл – мен үшін үлкен мәртебе», - деді АҚШ президенті.

Еске салсақ, 1992 жылғы комедияда Кевин Маккаллистер әкесінің несие картасымен Нью-Йорктегі қонақ үйлердің біріне барғанда, қонақ үй иесінің рөлін сомдаған Трамп оған көмектеседі.

Эпизод шамамен он секундқа созылады.

Хабар 24 телеарнасы