411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгте полиция шерушілерге қарсы жасауратқыш газ қолданды

  • 252
  • UPD: 09:47, 25.12.2019
Гонконгте полиция шерушілерге қарсы жасауратқыш газ қолданды

Гонконгта ереуіл соңы тәртіпсіздіктерге ұласып кетті. Жүздеген тұрғын ірі сауда орталықтарының алдында және көшеде заңсыз наразылық акцияларын ұйымдастырған.

Полицейлер ереуілшілердің көлік қозғалысын қиындатқанын айтады. Сондықтан жиылған жұртты тарату үшін соңғы бірнеше апатада алғаш рет көз жасаурататын газды қолданған. Айта кеткен жөн, биыл маусымда экстрадициялау туралы заң жобасына байланысты Гонконгта жаппай ереуілдер басталып кеткен еді. Күзде билік оны кері қайтарғанымен, наразылық шаралары басылмай тұр. Жарты жыл ішінде 900-ден аса ереуіл өткен. 6 мыңға тарта адам тұтқындалды.

Хабар 24 телеарнасы