399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда ұшақ көпірдің астына тіреліп қалды

  • 417
  • UPD: 13:33, 25.12.2019
Үндістанда ұшақ көпірдің астына тіреліп қалды

Үндістанда ескі ұшақ көпірдің астына тіреліп қалды. Оны кәдеге жаратуға апара жатқан. Алайда көлік жүргізушісі көпірдің биіктігін дұрыс есептемесе керек.

Салдарынан әуе кемесін алып шығуға 12 сағаттай кеткен. Осы уақыт бойы маңайдағы көлік қозғалысы уақытша тоқтап тұрған. Негізі бұл лайнер 1980 жылы алғаш рет көкке көтеріліп, 27 жыл бойы жолаушыларды тасымалдаған. Ал кейіннен тек жүк ұшағы ретінде ғана қолданылып келген. Жуырда оны кәдеге жарату шешімі қабылданған.

Хабар 24 телеарнасы