423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тбилисиде винтажды заттардың саудасы қызып тұр

  • 607
  • UPD: 15:10, 25.12.2019

Әдетте Жаңа Жыл алдында халық сыйлық іздеумен әлек болады. Жақындарының есінде қалатындай ерекше тартулар тартқысы келетіні анық. Тбилисидегі мерекелік жәрмеңкеде винтажды заттар сататын шағын дүкеннің бұл күндері саудасы қызу жүріп жатыр.

Көне заманның жақсы сақталған жоғары сапалы бұйымдарын винтаж деп атайды. Соңғы жылдары осындай заттарға әуес адамдардың саны артып келеді. Тбилисидегі дүкенде пайдалануда болған, бірақ түрі мен сапасын жоғалтпаған заттар сатылады. Ал ең бастысы, сатып алған иелері бұл дүние өзге ешкімде қайталанбайтынына сенімді. 

Элене Гавашелиашвили, дүкен иесі: 

- Винтажды танамоншақтардан жиналған мына костюмді қараңызшы, Жаңа Жылға кисеңіз өте қызық болар еді. Немесе осы әдемі затты алып, оны 80-жылдардағы моншақпен толықтыруға болады. Өте әсем жаңа жылдық киім шығады. Мұнда сапалы әрі қайталанбайтын сыйлық таңдай аласыз. 

Дүкен иесінің айтуынша, осындай зат сатып алған адам оған жаңа тыныс берумен қатар бұл затпен байланысты тарихқа да ие болады. 

Ника Русавия, Бакуден келген турист:

- Маған ескі заманның стилі өте ұнайды. Винтажды заттар әрқашанда бірегей, олардың өзіндік бір тарихы бар, қазіргі заттарға қарағанда сәнді көрінеді.

Натия Батинели, Тбилиси тұрғыны:

- Маған винтажды заттар өте ұнайды. Ұзақ уақыт оларға қарап, кейпіне қарай таңдап, оларды үйлестіруді жақсы көремін. Осындай заттарды өзіме және достарыма сатып аламын. 

Жаңа жылдық үлкен базарда бұл павильонның саудасы қызу жүріп жатыр. Өткені көне заттарға құмар адамдар Жаңа Жыл алдында міндетті түрде осындай сыйлық іздейтіні түсінікті. 

Авторлары: Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили

Хабар 24 телеарнасы