381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кореяда жарық фестивалі өтіп жатыр

  • 226
  • UPD: 15:14, 25.12.2019

Оңтүстік Кореяда көздің жауын алар жарық фестивалі өтуде. Шараны әлемге танымал медиа суретші әрі дизайнер Рефик Анадол ұйымдастырды.

Экран ретінде ұзындығы жиырма, ені отыз метрді құрайтын Тондэмун дизайн плазаның ғимараты таңдалды. Суретші Сеулдің аудандарына қатысы бар алты миллион көріністі он алты минутқа сидырған. Шоу жасанды интеллекттің көмегімен көрсетілді. Ол үшін жиырма алты проектр он жерден жарық таратты. Көрініс анық болу үшін жақын маңдағы тоғыз сауда орталығы толығымен жарықты сөндірді. Шоу күніне төрт мәрте көрсетіледі.

Бүгін Оңтүстік Кореяда Рождество мерекесі болғандықтан шоудың соңында рождестволық сыйлықтардың көрінісі шығарылады. Ал 31 желтоқсан күні 23 сағат елу  жеті минут шамасында 2020 жылды қарсы алу үшін уақытты кері санау басталады. Артынша отшашу мен Сеул тұрғындарының тілегі жазылған видео көрсетіледі. Жарық фестивалі үшінші қаңтарға дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы