420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Буркина-Фасода лаңкестер шабуылынан 42 адам қаза тапты

  • 264
  • UPD: 22:17, 25.12.2019
Буркина-Фасода лаңкестер шабуылынан 42 адам қаза тапты

Буркина-Фасоның Арбинда қаласына лаңкестер шабуыл жасап, 35 бейбіт тұрғын мен 7 әскери қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қауіпсіздік күштерінің 20-дан астам өкілі жарақат алған. Опат болғандардың көбі – әйел. Содырлар қаладағы әскери базаны шабуылдап, шаһарда жарылыстар ұйымдастырған. Қақтығыс бірнеше сағатқа созылып, күштік құрылымдар 80-ге жуық лаңкестің көзін жойды. Бірақ қалаға шабуыл жасағандардың қай топтың өкілдері екені әлі белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы