432,55 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Санкт-Петербургтен аттанған жолаушылар пойызы Севастопольге келіп жетті

  • 214
  • UPD: 14:32, 26.12.2019
Санкт-Петербургтен аттанған жолаушылар пойызы Севастопольге келіп жетті ria.ru

Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан аттанған жолаушылар пойызы Севастопольге келіп жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл соңғы 5 жылда Қырым түбегіне жеткен алғашқы пойыз болып отыр. Жүрдек пойыздың түбекке жетуі Керчь бұғазында салынған көпірдің арқасында мүмкін болды.

Айта кетейік, жуырда ғана Ресей президенті Владимир Путин Керчь көпірімен қатынайтын пойыз қозғалысын іске қосқан еді. Себебі бұған дейін Қырымға тек әуе немесе су қатынастары арқылы ғана жетуге болатын. Енді 2020 жылы жүк пойыздарының қозғалысы да іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы