439,01 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетті

  • 313
  • UPD: 15:28, 27.12.2019
Мәскеуде ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетті GetBg.net

Мәскеудің Шереметьево әуежайында «Sukhoi Superjet 100» жолаушылар ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жайында ТАСС агенттігі хабарлады. Әуе кемесі Мәскеуден Самараға ұшуы тиіс еді. Бортында 75 жолаушы және 5 экипаж мүшесі отырған. Ешкім жапа шеккен жоқ. Оқыс оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшқыш айналу радиусын дұрыс есептемесе керек.

Хабар 24 телеарнасы