419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-тағы ұшақ зауытында жарылыс болды

  • 564
  • UPD: 12:44, 28.12.2019
АҚШ-тағы ұшақ зауытында жарылыс болды

АҚШ-тың Уичита қаласындағы ұшақ жасайтын зауытта жарылыс болып, 14 адам жарақат алды.

Төтенше оқиға өндірістің азаматтық ұшақтармен бірге шағын әскери әуе көліктерін жасайтын ошағында орын алды. Жарылыстан 2 қабатты ғимарат опырылып құлап, азот төгілген. Бірақ бұл кезде мерекеге байланысты зауыт жұмыс істемеген. Қазір апаттың себептері анықталып, оқиға орынында іздестіру-құтқару шаралары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы