431,68 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Фиджи аралдарында «Сарай» дауылының салдарынан бір адам көз жұмды

  • 294
  • UPD: 12:12, 29.12.2019
Фиджи аралдарында «Сарай» дауылының салдарынан бір адам көз жұмды

Фиджи аралды елінде «Сарай» дауылы соғып, бір адам қаза тауып, бір тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы екі жарым мыңнан астам адам эвакуацияланды. Сағатына 140 шақырым жылдамдықпен ұйытқыған дүлей жел үйлердің шатырын ұшырып, талдар мен бағаналарды құлатып, кей жерлерде электр жүйесі бүлінген. Апат аудандарында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Жергілікті билік дауылмен бірге келген жауыннан су тасқыны болатынын ескертуде. Бірақ қазір дауылдың екпіні едәуір басылған.

Хабар 24 телеарнасы