418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сомалиде лаңкестіктен қаза тапқандар саны артты

  • 284
  • UPD: 14:02, 29.12.2019
Сомалиде лаңкестіктен қаза тапқандар саны артты

Сомали астанасы Могадишодағы лаңкестіктен қаза тапқандар саны артып, 90-ға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін жойқын жарылыстан 73 адамның көз жұмғанын хабарлағанбыз. Тағы 53 тұрғын түрлі жарақат алған. Опат болғандардың арасында 4 шетелдік бар. Жергілікті билік қаза тапқандардың саны әлі көбеюуі мүмкін деп отыр.

Еске сала кетейік, кеше Могадишо қаласындағы бақылау-тексеру бекетінің жанында бомба жасырынған жүк көлігі жарылды. Содырлар террорлық әрекетті таңертең тіршілік қызған уақытта жүзеге асырды. Жарылысты қандай лаңкестік топ ұйымдастырғаны белгісіз. Содырлар іздестіріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы