428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ Болгариядағы экологиялық жағдайға алаңдаулы

  • 387
  • UPD: 14:55, 29.12.2019

Болгариядағы ауаның сапасы еурокомиссарларды алаңдатып отыр. Брюссель Софияға елдің ын бағалайтын арнайы топты атттандырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Комиссия мүшелері қоршаған ортаны қорғау мақсатында тиісті бағдарлама әзірлейді. Негізі Еуроодақ бұл мәселені екі жыл бұрын көтеріп, халықты лас ауамен улап отырған ел билігін айыптаған болатын.

Болгариядағы ауаның ластануын маусымдық мәселе деп қарауға болады. Жыл сайын қыста София аспанын көк түтін тұмшалап тұрғындардың демалуы қиындайды. Еуропалық агенттіктің мәліметінше, нашар экологиядан жылына 400 мың еуропалық көз жұмса, оның 15 мыңы Болгария азаматтары екен. Мұнда пеш жағу мен көліктерден күкірт тотығы белгілі межеден асып кетеді. Болгария билігі оның шешімін әлі таба алмай келеді.

Татьяна Невкова, эколог:

София төменде, жабық алқапта орналасқан. Жел мен жаңбыр жоқ кезде шаң-тозаң көтеріліп, қаланы тұмшалайды. Шаһар ауасы негізінен қыста тұрғындардың көлік дөңгелегін, құрылыс қоқысын, сырланған тақтай заттарды жағуынан нашарлайды. Жергілікті билік мәселемен барынша күресіп келеді. Бірақ адамдар жауапкершілікті сезінуі керек.

Лас ауадан көбіне жүрек, қант диабеті сынды ауруға шалдыққан тұрғындар зардап шегеді. Осындай мезгілде дәрігерлердің көмегіне жүгінетін азаматтардың саны артады. Қала билігі болса, мәселемен көлік реформасы арқылы күресіп келеді.

Юлиан Йорданов, терапевт:

- Дәрігерлердің лас ауаның кері әсері туралы өз мәліметі бар. Олардың дерегіне сүйенсек, ауаның ластануынан тыныс жүйелері ауыратын адамдардың жағдайы нашарлап, олардың қатары орташа есеппен 180 адамға өседі екен.

София билігі келесі жылдың ортасына дейін экология мәселесін шешуге уәде беріп отыр. Жанармаймен жүретін көліктерге салық өсіріліп, қоқыстарды жағудың айыппұлы көтерілмек. Пеш жағатын үйлерге сүзгіштер орнату қарастырылған. Брюссель болса, Софиядан ескі пештерді жаңа ошаққа ауыстыруды талап етіп отыр.

Авторлары: Наталья Абильдина, Дмитрий Лукша, Борис Димитров

 

Хабар 24 телеарнасы