425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үңгірдегі балаларды құтқаруға қатысқан екінші адам қайтыс болды

  • 551
  • UPD: 18:25, 29.12.2019

Таиландта өткен жылы үңгірде қамалып қалған оқушыларды құтқаруға қатысқан маманның тағы бірі көз жұмды.

Бейрут Пакбар арнайы операция кезінде жұқтырған вирустан қайтқан. Бұл осымен екінші құтқарушының өлімі.

Еске сала кетейік, өткен жылы маусым айында Таиландта 12 бала мен оның жаттықтырушысы үңгірге саяхаттап барып, жауыннан қамалып қалған еді. Бірнеше аптаға созылған операция барысында жас футболшылар сыртқа аман-есен шығарылады. Бірақ құтқару кезінде бір әскери қаза тапты.

Хабар 24 телеарнасы