424.28 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кенияда су тасқынынан 6 мың отбасының баспанасы бүлінді

  • 405
  • UPD: 18:17, 29.12.2019
Кенияда су тасқынынан 6 мың отбасының баспанасы бүлінді

Кенияның батысында бірнеше күннен бері жаңбыр толастамай, Кисуму қаласын су басып жатыр. Табиғат апатынан 6 мың отбасы жапа шеккен.

Қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ. Жергілікті билік тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жүріп жатқанын мәлімдеді. Ал ауа райын болжаушылар алдағы күндері тағы жауын жауып, көп жерлерде су тасқыны жүретінін ескертуде.

Айта кетейік, Шығыс Африкада Үнді мұхитындағы ауа райына байланысты жауын-шашын жиі болып тұрады. Биыл табиғат апатынан аймақта мыңнан астам тұрғын көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы