424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Климаттың өзгеруі Египет курорттарына үлкен нұқсан келтіруі мүмкін

  • 566
  • UPD: 23:13, 29.12.2019

Табиғат қорғаушылар жаһандық жылыну теңіздегі маржан жартастарын жойып жібереді дейді. Сарапшылар апаттың алдын алу үшін бірақатар шараларды қолға алған.

Египет мамандары Қызыл теңізді қорғау үшін шұғыл шараларды қолға алуға шақырып жатыр. Зерттеулер жаһандық жылынудан теңіз құрғап жатқанын көрсетті. Мұнан ең алдымен маржан жартастар жапа шекпек. Егер жағдай өзгермесе теңіз мекендеушілер 5 жылдан кейін түгелдей құрып кетуі мүмкін.

Дэмис Хамаки, мұхитты зерттеуші:

- Жаһандық жылыну Египет қана емес, Мексика, Индонезия, Мальдив аралдары, Малайзия, Австралия, Таиланд маржанжартастарына да қауіп төндіріп отыр.  Соңғы екі ел оларды сақтап қалу үшін теңізде шағын қорықтар ашқан. Мальдивте маржан жартастарды өзге орындарға көшіру қолға алынды.   

Маржан тастар үшін жергілікті туристік компаниялар да алаңдаулы. Себебі климаттың өзгеруі соңғы жылдары құрылған теңіз асты саяхатына зор нұқсан келтірген. Компаниялардың кірісі 8 пайызға азаюы мүмкін. 

Хайфа Рахим, туристік компания өкілі:

- Дайвинг - тұрақты кіріс әкелетін туристік бағыттың бірі. Біз саяхатшыларға арнайы турлар ұйымдастырамыз. Бірақ климаттың өзгеруі салаға кері әсерін тигізбек.  

Мысыр Қаржы министрлігі маржан жартастардың жойылуынан мемлекеттің кірісі едәуір айзаяды деп болжап отыр. Бірақ билік дағдарысты болдырмас үшін әлі ешқандай шара қолға алмаған.  

Авторлары: Дмитрий Лукша, Светлана Брахмит, Гурам Чихлаж

Хабар 24 телеарнасы