426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польшадағы танымал туристік аймақта отшашуға тыйым салынды

  • 650
  • UPD: 14:52, 30.12.2019

Польшадағы белгілі Закопане туристік аймағында биыл отшашу болмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік тұрғындар мен қонақтарға пиротехникалық заттарды қолдануға тыйым салды. Осылайша жарылғыш заттардан болатын қайғылы жағдайларды азайту көзделуде.

Закопане туристері биылғы жаңа жылды мерекелік отшашусыз қарсы алады. Бұл – жергілікті депуттардың шешімі. Тыйым бір күнге емес, бір жылға бір-ақ салынды.

Андрей, Закопане қаласының тұрғыны:

– Отшашудан адамдар жиі зардап шегеді. Әсіресе, балалар. Әрине, бұл қызық, бірақ көңіл көтерудің басқа түрін де табуға болады.

Жергілікті БАҚ хабарлағандай, жаңа талапқа 16 депутаттың 13-і дауыс берген. Олардың айтуынша, әдетте отшашуды ішімдік ішкен адамдар қолданады. Демек, бұл өздеріне ғана емес, қоршаған ортаға да қауіпті. 

Галина, Закопане қаласының тұрғыны:

– Меніңше, отшашулар керек. Бізді керемет әсерден айырып жатыр. Әрине, біз айналамыздағы жануарлар үшін алаңдаймыз. Дегенмен бұл мәселені басқаша шешу керек сияқты.

Айта кетерлігі, мерекелік отшашуларды тек қоғамдық орындарда жағуға тыйым салынды.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Алексей Родионов, Лукаш Корвин

Хабар 24 телеарнасы