445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йоркте Таймс-Сквердегі алып шардың дизайны жаңартылды

  • 222
  • UPD: 13:51, 30.12.2019
Нью-Йоркте Таймс-Сквердегі алып шардың дизайны жаңартылды

Нью-Йоркте ескі жылдың соңғы минутын есептейтін Таймс-Сквердегі алып шардың дизайны жаңартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы жаңажылдық шар үшбұрышты мөлдір шынылармен безендірілді. Онда бейнеленген үш ананас «Ізгі ниет» деп аталады. Ол мейірімділік пен ақ пейілділікті білдіреді. Ал ескі жылдың соңғы минутын есептеу дәстүрі әдеттегідей 31 желтоқсан күні түнгі сағат 11-ден 59 минут кеткенде басталады. Осы сәтте алып шар 23 метрлік биік тұғырдан төмен түсіріледі. Әсем көріністі биыл 1 миллионнан астам адам тамашалауы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы