432,55 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Филиппинде «Фанфон» тайфуны салдарынан 47 адам ажал құшқан

  • 174
  • UPD: 18:01, 30.12.2019
Филиппинде «Фанфон» тайфуны салдарынан 47 адам ажал құшқан

Филиппинде «Фанфон» тайфуны құрбандарының саны артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы мәлімет бойынша 47 адам ажал құшқан. Ал, ұшты-күйлі жоғалып кеткен 9 тұрғын әлі табылған жоқ.

Айта кеткен жөн, «Фанфон» тайфуны Филиппинде өткен аптада ойран салған болатын. Қатты желмен қоса нөсер жауған. Табиғи апаттан 260 мыңнан аса ғимаратқа зақым келді. Ал, жапа шеккен тұрғындардың саны бір жарым миллионнан асады. Жергілікті билік инфрақұрылым мен ауыл шаруашылығына келтірілген материалдық шығынды 21 миллион долларға бағалап отыр.

Хабар 24 телеарнасы