378,40 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


NASA Марсты зерттейтін жаңа аппаратты көрсетті

  • 183
  • UPD: 22:48, 30.12.2019
NASA Марсты зерттейтін жаңа аппаратты көрсетті

АҚШ-тың NASA ғарыш агенттігі Марстағы өмірді зерттейтін жаңа апаратты көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол қызыл ғаламшарға келесі жылдың шілде айында аттандырылмақ. Аппарат Марстағы тіршілік іздерін зерттеумен бірге келесі экспедицияға қажетті үлгілерді жинайтын болады. Ол сапар адамдардың қатысуымен жүзеге асырылады. Ал жаңа аппаратқа әлі ат беріле қоймаған. Ол өз атауын келесі жылдың бас кезінде алады.

Айта кетейік, бұған дейін Қызыл ғаламшарды зерттеуге «Соджорнер», «Спирит», «Оппортьюнити» және «Кьюриосити» аппраттары аттандырылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы