447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда қатерлі ісікпен ауыратындар саны артып барады

  • 253
  • UPD: 23:06, 30.12.2019

Оңтүстік Кореяда қатерлі ісікпен ауыратындар саны өсуде.

Бұл туралы елдің ұлттық онкологиялық орталығының өкілдері хабарлады. Дәрігерлер мұны халықтың қартаюмен байланыстарады. Бірақ орта жастағы адамдар арасында ауру азайды. Дәрігерлердің айтуынша, бұған алғашқы сатыдағы қатерлі ісік ауруын анықтау және сәтті емдеу себеп болған. Оңтүстік Кореяда сүт безі, ұйқы безі және бүйректің қатерлі ісіктері бар пациенттер саны артқан. Асқазан, тоқ ішек, өкпе, бауыр және жатырдың қатерлі ісігі ауруының төмендеуі байқалды. Дәрігерлер мұндай аурулардың өсуіне «азаматтардың өмір сүру жағдайлары мен кірістерінің жақсаруы, сондай-ақ семіздік пен майлы тағамдарды шамадан тыс тұтыну әсер етті» деп санайды. Екі жылдан кейін Таңғы самал елінде қатерлі ісікке қарсы күрестің төртінші кезеңі басталады.

Ким Дэ Ён, Корея Республикасының Ұлттық онкология орталығы департамент директоры:

- Корея сияқты қатерлі ісіктің алты түрін ертерек анықтай алатын ел жоқ шығар. Бұл аурудан бір миллион сегіз жүз мың адам емделді, бұл барлық халықтың 3,6%-ін құрайды. Біз оларға қолдау көрсету шараларын ойластырып жатырмыз. Мысалы, бала мектепке, ал ересек адам жұмысқа қалай қайтып оралуы мүмкін. Сонымен қатар біз диагностиканың жаңа әдістерімен жұмыс жасаудамыз. Мәселен, былтырғы жылға дейін тоқ ішектің қатерлі ісігі диагностикасын біз нәжістегі жасырын қанды анықтау реакциясы арқылы жасадық. Осы жылдан бастап колоноскопияны қолданатын диагностикалық әдіс іске қосылды.

Хабар 24 телеарнасы