425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейдегі жанармай құю бекетінде жарылыс болды

  • 473
  • UPD: 12:04, 31.12.2019
Ресейдегі жанармай құю бекетінде жарылыс болды

Ресейдің Челябинск облысындағы жанармай құю бекеттерінің бірінде жарылыс болды.

Салдарынан 1 адам жарақат алды. Қолдары мен бетін күйік шалған азамат дереу ауруханаға жатқызылды. Жалпы куәгерлердің айтуынша, жарылысқа көлікке жанармай құю кезінде шланганың үзіліп кетуі себеп болған. Сөйтіп, одан өрт шығып, от айналаға тез тарап кетіпті. Кейін оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды тез арада ауыздықтаған.

Хабар 24 телеарнасы