428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Минскідегі үйлердің қабырғасына салынған суреттерді тамашалауға туристер барды

  • 586
  • UPD: 20:39, 01.01.2020

Минск қаласы әлемдік көркемсурет орталығы атанды. Мұнда көп қабатты үйлердің қабырғаларына салынған кескіндерді қаланың барлық ауданынан көруге болады. Енді осы суреттерді тамашалап, соның тұсында фотоға түсу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен туристер келіп жатыр. Қаланың сәнін кіргізген әрі қонақтардың көзайымына айналған өнердің жаңа түрі жайында Минсктегі тілшіміз айтып берсін.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Беларусь астанасы сәулет өнеріндегі «Сталиндік ампир» стилімен танымал болатын. Ал енді туристтер бұл қалаға мурал деп аталатын өнердің жаңа түрін тамашалауға келеді.  

Олег Ларичев, «Қалалық аңыздар» жобасының жетекшісі:

- Бұл көремендерге ерекше әсер етуі тиіс. Суретшінің әр туындысы қабырғадағы бейтарап өрнек емес. Әрқайсысының өз арқауы мен идеясы бар.  

Кейбір туындыларда нақты адамдар бейнеленген. Оған кез-келген адам түсуі мүмкін. Бұл үшін суретшіге фотоны жіберу қажет. Егер іріктеуден өтсеңіз, бір айдан кейін 10 қабатты үйдің қабырғасында суретіңіз тұрады. 

Олег Ларичев, «Қалалық аңыздар» жобасының жетекшісі:

- Бұл Минскте үлкен дау туғызды. Сәулетшілер, урбанистер мен мәдениетшілер қызу талқылады. Бірақ көздегеніміз де сол болды, бұқараны сәл де болса дүрліктіріп, қала кеңістігі жөнінде пікір алмасу.  

Жалпы Минскте шетел суретшілері осындай ондаған мурал салды. Сондай-ақ жыл сайын Рио-де-Жанейро қаласынан әйгілі суретшілер келіп, тұрғын үйлер мен қараусыз қалған зауыттардың қабырғаларын өрнектеп кетеді.

Авторлары: Алексей Родионов, Владимир Струк

Хабар 24 телеарнасы