447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгте 400-дей ереуілші қамауға алынды

  • 165
Гонконгте 400-дей ереуілші қамауға алынды iz.ru

Гонконг полициясы 400-дей ереуілшіні қамауға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бастапқыда бейбіт өткен шеру кейін тәртіпсіздікке ұласқан. Осыған байланысты тәртіп сақшылары ереуілшілерді басу үшін көзді жасаурататын газ қолданды. Полицияның мәлімдеуінше, қамауға алынған ереуілшілер өздерімен бірге қару алып жүрген. 

Айта кетейік, Жаңа жыл күні ұйымдастырылған шеруге 1 миллионнан аса тұрғын қала көшелеріне шыққан. Ал полицияның сөзінше, ереуілге жалпы саны 60 мыңдай адам қатысқан. Олар аймақ басшысын жалпы халықтық дауыс беру арқылы сайлау керектігін талап етіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы