427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияның Идлиб провинциясында зымыран түсіп, 8 адам көз жұмды

  • 467
  • UPD: 22:45, 02.01.2020
Сирияның Идлиб провинциясында зымыран түсіп, 8 адам көз жұмды

Ал онсызда қыспақтан көз ашпаған Сирияның Идлиб провинциясында зымыран түсіп, 8 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

16-сы жарақат алған. Марқұмдардың арасында балалар бар. Зымыран Сармин қаласындағы қараусыз қалған мектептердің біріне түскен. Бұл ғимаратты босқындар уақытша пана ретінде пайдаланып келген екен. «Рейтерс» агенттігінің хабарлауынша, шабуылды Сирия әскері ұйымдастырған.

Айта кеткен жөн, желтоқсанда үкімет жасағы осы Идлиб провинциясында ауқымды әскери операция бастаған. Шара барысында 50-ден аса елді мекен лаңкестерден азат етілген болатын.

Хабар 24 телеарнасы