422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сербияға Ауғанстаннан барған мигранттар жергілікті тұрғынды пышақтап өлтірді

  • 617
  • UPD: 10:06, 03.01.2020

Сербияда мигранттарға қарсы наразылық бірнеше ай бұрын Белград орталығында болған оқиғадан кейін ушықты. Ауғанстаннан келген екі азамат жергілікті тұрғынның бірімен сөзге келіп, оны пышақтап тастайды. Алған жарақаттан 18 жастағы бала көз жұмып, сербтердің алаңдаушылығы күшейді.

Дина Копенжор, саяси шолушы:

Соңғы жылдары мигранттардың түнде дүкендер мен үйлерді тонауы қалыпты жағдайға айналды. Полиция олардың бәріне бірдей төтеп бере алмай отыр. Бір келімсекті кері қайтарсаң оны келеді.  

Жергілікті тұрғындар мен босқындар арасындағы текетірес осылай жалғасып жатыр. Жақында жергілікті адамдар Белградтың шетіндегі мигранттардың 4 лагеріне өрт қойып, жағып жіберді. Бірнеше келімсек жарақат алды. Полицейлер енді мигранттар кек алады ма деп қауіптенді.     

Ахмед Ромин, ауғанстандық мигрант:

- Мен Ауғанстаннан бірнеше ай бұрын келдім. Әзірге сербтердің мигранттарға деген теріс пиғылын көрген жоқпын. Мен бұл жерде қонақ екенімді түсінемін. Мұнда жаңа өмір бастау үшін келдім. Өзгелерге де осыны түсіндіруге күш салып келемін. 

Ресми дерекке сүйенсек, қазір Белградта 30 мыңнан астам мигрант бар екен. Бейресми мәлімет олардың қарасы екі есе көп екенін көрсетеді. Олардың көбі Еуроодақ елдеріне өткісі келетіндіктен Сербияға транзиттік ел деп қарайды.

Авторлары: Александр Грэс, Дмитрий Лукша, Драгон Лука

Хабар 24 телеарнасы