Польшаның солтүстік-шығысында орналасқан құс фермаларында құс тұмауы дерті тіркелді. Енді осыған байланысты 40 мың құстың көзі жойылуы мүмкін.
Қазір аталған аймақта ветеринарлар санитарлық-карантиндік бақылау жүргізіп, ауру қоздырғышының қауіптілігін анықтап жатыр. Себебі вирустың құстан адамға жұғуы мүмкін деген сезік бар. Сондықтан мамандар зардап шеккен шаруашылықтарға адамдардың жақындауына шектеу қойды.
Айта кетейік, Польша үй құстарын өсіру бойынша Еуропадағы ең ірі ел саналады.