447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда биологиялық аяқ киімдер шығарылады

  • 336
  • UPD: 17:59, 03.01.2020
Үндістанда биологиялық аяқ киімдер шығарылады

Үндістанның солтүстігіндегі Панчкула қаласында биологиялық жолмен тез ыдырайтын аяқ киімдер шығарылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың өндірісі кезінде негізінен органикалық заттар қолданылады. Жалпы, кәдімгі аяқ киімдердің ыдырау уақыты 50 жылдан 200 жылға дейін жетуі мүмкін. Ал бұл экологиялық өнімдер үшін ол мерзім әлдеқайда қысқа. Мәселен, аяқ киімдердің беткі қабаты 3-4 ай ішінде, ал табаны мен өзге бөліктері 5 жылда ыдырайды.

Индрешвар Сингх Паул, аяқ киім фабрикасының директоры:

– Біз жасайтын аяқ киімдер 82 процентке дейін табиғи заттардан тұрады. Өндіріс кезінде эвкалипт пен қант сабағын қолданамыз. Сондай-ақ күріш және бидай кебектерін қайта өңдейміз.

Хабар 24 телеарнасы