448,38 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тегеранда генералдың қазасына байланысты мыңдаған адам ереуілге шықты

  • 309
  • UPD: 08:07, 04.01.2020
Тегеранда генералдың қазасына байланысты мыңдаған адам ереуілге шықты

Генерал Касем Сүлеймани қазасына байланысты Иран астанасы Тегеранда мыңдаған адам ереуіл ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар қолдарына марқұмның суретін ұстап шығып, АҚШ пен Израиль туларын өртеген.

Айта кеткен жөн, бұған дейін Бағдад халықаралық әуежайында зымыран жарылып, Иранның арнайы жасақ генералы Касем Сүлеймани қаза тапқан болатын. Пентагон өкілдері оқиғаны өз мойнына алды. Олардың айтуынша, шабуыл ел президенті Дональд Трамптың бұйрығымен жасалған.

Хабар 24 телеарнасы