376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Париждегі адамдарға шабуыл жасаған қылмыскер жүйке ауруынан емделіп жүрген

  • 165
  • UPD: 14:11, 04.01.2020
Париждегі адамдарға шабуыл жасаған қылмыскер жүйке ауруынан емделіп жүрген

Францияның Вильжюиф қаласында белгісіз бір ер адам жаяу жүргіншілерге пышақпен шабуыл жасап, 4 адамды жарақаттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға орнына жеткен полицейлер қылмыскерді атып тастады. Жергілікті билік төтенше жағдайды әзірге лаңкестік әрекет деп бағалап отырған жоқ. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, марқұм жүйке ауруынан емделіп жүрген. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы