426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перуде толассыз жаңбырдан өзендер тасыды

  • 491
  • UPD: 17:53, 04.01.2020
Перуде толассыз жаңбырдан өзендер тасыды

Перудің орталығы мен солтүстігінде толассыз жауған жаңбырдан кейін бірнеше өзен тасып, елді мекендерді су басып жатыр. Уануко қаласында 200-ден астам ғимарат су астында қалған.

Тасқын бірнеше жолды шайып, егістік алқаптарына көп нұқсан келтірген. Табиғат апатынан зардап шеккендер туралы ақпар жоқ. Қазір апат аймақтарында құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы