Зимбабведе ұзаққа созылған құрғақшылық салдарынан миллиондаған адам аштықтың азабын тартуда.
Бұл ақпаратты БҰҰ Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасы жариялады. Ұзаққа созылған құрғақшылық салдарынан елдегі тұрғындардың жартысы, яғни 8 млн жуығы азық-түлік жетіспеушілігін бастан кешіп отыр. Сол себепті халықаралық ұйым 4,1 млн адамға көмек көрсетіп, қажетті азық-түлікті жеткізбекші.
«Жағдайдың күрделенуі ақпан айының соңында болады» , - деді Зимбабведегі БҰҰ Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасының өкілі Нильс Бальцер.
Елді жайлаған құрғақшылық осы жылы жүгері өнімдерінің 50 пайызға дейін қысқаруына апарып соққан.
Business Report