429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезияда табиғи апат салдарынан 60 адам қаза тапты

  • 721
  • UPD: 10:45, 05.01.2020
Индонезияда табиғи апат салдарынан 60 адам қаза тапты

Индонезия астанасы Джакартада су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 60 адамға жетті, деп хабарлады Associated Press.

«Нөсерлі жаңбырдан туындаған көшкін мен су тасқыны салдарынан Индонезияда кем дегенде 60 адам қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Бұған дейін 43 адамның қаза тапқаны хабарланған.

Бұл – 2007 жылдан бері бұл аймақта қайталанып тұрған ең қатты су тасқыны. 2007 жылы табиғи апат салдарынан 10 күнде 80 адам көз жұмған.

Хабар 24 телеарнасы