418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Камбоджада көп қабатты ғимарат құлап, 36 адам мерт болды

  • 325
  • UPD: 14:43, 05.01.2020
Камбоджада көп қабатты ғимарат құлап, 36 адам мерт болды

Кеп қаласында салынып жатқан ғимарат опырылып, 36 адам қаза тапты.

Бұл туралы Khmer Times. басылымы жазды.

Апат жұма күні болған, алайда көз жұмғандардың нақты саны тек жексенбіде белгілі болып отыр. Оған себеп, мамандар 3 күн бойы аумақта құтқару операциясын жүргізіп, үйінді астынан адамдардың денесін алып шығумен айналысқан.

7 қабатты ғимараттың құлауы салдарынан 23 адам түрлі деңгейде жарақат алса, 36 адам сол жерде тіл тартпай кетті. Бұл ақпаратты елдің ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері таратты.

Ал басылымның мәліметінше, ғимараттың иесі, ерлі-зайыпты ұсталып, қамауға алынған. Өйткені, қайғылы оқиғаға құрылыс кезінде сапасыз материалдарды пайдалану себеп болуы мүмкін екені айтылды.

Хабар 24 телеарнасы