Камбоджа билігі: Апаттан зардап шеккендерге 52 мың доллардан көмек беріледі
- 454
- UPD: 17:39, 05.01.2020

Камбоджаның Кеп қаласында салынып жатқан ғимараттың құлауынан қаза тапқандардың саны артып, 36-ға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оның арасында 6 бала мен 14 әйел бар. Үйінділер астынан тағы 23 адам аман алынып шықты. Бүгін іздестіру-құтқару шаралары аяқталды. Полиция нысанды тұрғызуға қатысы бар бір ерлі-зайыптыны ұстады. Тергеу олардың ғимаратты сапасыз материалмен салғанын анықтап отыр. Ал, жергілікті билік апаттан жапа шеккен әр отбасына 52 мың доллар көмек берілетінін мәлімдеді.
Еске сала кетейік, Кеп қаласындағы 7 қабатты үй жұма күні опырылып құлаған болатын.