419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Франциядағы шабуыл. Қаскөйдің бұрын радикалды бағытқа бет бұрғаны анықталды

  • 461
  • UPD: 17:59, 05.01.2020
Франциядағы шабуыл. Қаскөйдің бұрын радикалды бағытқа бет бұрғаны анықталды

Франция билігі өткен жұма күні Вильжюиф қаласында болған оқиғаны лаңкестік әрекет деп таныды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін полиция белгісіз ер адамның жаяу жүргіншілерге пышақпен шабуыл жасауын терактіге жатқызбаған. Себебі ол жүйке ауруынан емделіп жүрген. Бірақ тергеу барысында қаскөйдің мұндай әрекетке бармас бұрын радикалды бағытқа бет бұрғанын анықтады.

Еске сала кетейік, жұма күні Парижге жақын жатқан шағын қалада бір ер адам жаяу жүргіншілерге пышақ жұмсап, 1 адамды мерт қылды. Тағы 2 тұрғын жарақат алды.

Хабар 24 телеарнасы