419,78 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Каталония парламенті Ким Торраға қатысты қарар қабылдады

  • 342
  • UPD: 18:12, 05.01.2020
Каталония парламенті Ким Торраға қатысты қарар қабылдады

Каталония парламенті Испанияның орталық билігіне тағы бағынбаушылық танытты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақтың заң шығарушы органы Каталония үкіметінің басышысы Ким Торраға қатысты шешімін айыптайтын қарар қабылдады. Сөйтіп, Орталық сайлау комиссиясының Торраны депутаттық мандаттан айыру туралы шешімін жойды.

Айта кетейік, желтоқсан айында Каталония соты Ким Торра орталық билікке бағынбады деп, оған заң шығарушы органдарға сайлануға тыйым салған. Торра Жоғарғы сотқа шағымданады. Бірақ Орталық сайлау комиссиясы оның шешімін күтпей Торраны депутаттық мандаттан айырған болатын.

Хабар 24 телеарнасы