443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Иран СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

  • 332
  • UPD: 22:17, 05.01.2020
Қазақстан мен Иран СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті mfa.gov.kz

Иран тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Иран СІМ басшысы Таяу Шығыстағы ағымдағы ахуал туралы хабардар етті.

Мұхтар Тілеуберді өңірдегі жағдайдың шиеленісуіне алаңдаушылық білдірді. Ол барлық тараптарды шиеленістің одан әрі ушығуын болдырмау үшін ұстамдылық танытуға және жанжалды шешудің саяси-дипломатиялық жолдарын іздеуге шақырды.

Хабар 24 телеарнасы