424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ирак елден шетелдік әскерилерді шығару туралы құжат қабылдады

  • 608
  • UPD: 07:48, 06.01.2020
Ирак елден шетелдік әскерилерді шығару туралы құжат қабылдады hurriyetdailynews.com

Ирак депутаттары үкіметті АҚШ және басқа да шетелдік әскерлерді ел аумағынан шығару үшін шешім қабылдауға шақырды.

«Ирак үкіметі кез келген шетелдік әскердің Ирак жерін, әуе және су жолдарын пайдалануына тыйым енгізуге күш салуы керек», - делінген жексенбі күні қабылданған құжатта.

Парламенттік резолюция үкімет үшін заң сияқты міндетті болып саналмайды. Алайда бұған дейін Ирак премьер-министрі Адель Абдул Махди депутаттарды шетелдік әскерилердің қатысуымен жасалатын әрекеттерді мейілінше жылдамдатып аяқтауға шақырған еді. Парламентте дауыс беру АҚШ-тың әуе соққысы жасалғаннан кейін болды.

Еске сала кетсек, 3 қаңтарда Бағдад халықаралық әуежайына жасалған зымыран шабуылынан 8 адам қаза тапты. Ракеталар «Аль-Хашд аш-Шааби» шиит жасағына қарсы бағытталған болатын. Артынша Пентагон шабуыл жасағанын растады.

Ракета шабуылынан қаза тапқандар арасында ирандық Ислам революциясы күзетшілері корпусының «Кудс» арнайы жасағының қолбасшысы Касем Сүлеймани болды.

Reuters

Хабар 24 телеарнасы