Ливияның Триполи қаласындағы әскери мектепке әуеден соққы беріліп, 30 курсант қаза тапты. Тағы 30-дан астам оқушы жараланды.
Шабуылды кімдер жасағаны белгісіз. Әскери мектеп Фаиз Сарадж басқарған Ұлттық келісім үкіметінің бақылауындағы ауданда орналасқан. Оқиға қала халқының наразылығын тудырды.
Айта кетейік, Триполи шаһарын Шығыстағы ұлттық парламент үкіметін қолдаған маршал Халифа Хафтар әскері былтыр сәуір айынан бері шабуылдап келеді. Желтоқсан айының ортасында Хафтар Триполи үшін шешуші шайқас басталғанын жариялады.