423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Алтын глобус» киножүлдесі кімдерге табысталды

  • 513
  • UPD: 15:12, 06.01.2020
«Алтын глобус» киножүлдесі кімдерге табысталды

Лос-Анджелесте Голливудтың шетелдік басылымдар ассоциациясы «Алтын глобус» номинанттарын марапаттады, деп хабарлайды Тенгри ньюс.

Ұлыбританиялық режиссер Сэм Мендес «1917» картинасы үшін марапатқа ие болды. Бұл санатта сондай-ақ, америкалық Квентин Тарантино («Однажды… в Голливуде»), Мартин Скорсезенің («Ирландиялық») және Тодд Филлипс («Джокер») ұсынылды. Сыйлықты алу кезінде жеңімпаз таң қалғанын жасырмады. «Әлемде Мартин Скорсезенге жететін режиссер жоқ деп айтуға рұқсат етіңіздер», – деді ол.

Брэд Питт «Однажды в… Голливуде» фильміндегі екінші пландағы рөлі үшін марапат алды. Питт үшін бұл «Алтын глобустағы» жетінші номинация және екінші жеңіс. Актер Аль Пачино («Ирландиялық»), Джо Пеши («Ирландиялық»), Энтони Хопкинс («Екі әке») және Том Хэнкс («Прекрасный день по соседству») сияқты киноэкранның жұлдыздарын басып озды.

HBO телеарнасының бес сериялы «Чернобыль»  жобасы қысқа сериалдар санаты бойынша «Алтын глобусқа» ие болды. Бұл санатта «Уловка-22», «Фосси/Вердон», «Самый громкий голос» және «Невероятное» сериалдары ұсынылды. Квентина Тарантиноның «Однажды в… Голливуде» фильмі «Үздік комедия/мюзикл» аталымында топ жарды. Бұл санатта сондай-ақ, Тайка Вайтитидің «Кролик Джоджо», Райан Джонсонның «Достать ножи», артис Руди Мурдың «Менің атым Долемайт» атты биографиялық тарихы жайлы және режиссер Крэйг Брюэрдің «Рокетмен» Декстер Флетчердің өмірбаяндық тарихы ұсынылды. 1986 жылы Чернобыль АЭС-тегі қайғылы оқиға және оның салдарын жою жөніндегі күш-жігер туралы сериал HBО телеарнасында 2019 жылы шықты. 2019 жылдың қыркүйегінде халықаралық Emmy сыйлығын алды. «Рокетмен» картинасында Элтон Джон ойнаған Тэрон Эджертон «Комедия/мюзиклдегі ең үздік ер адам рөлі» номинациясында жеңіске жетті. Сонымен қатар, бұл марапатқа Леонардо Ди Каприо, Эдди Мерфи, Дэниел Крэйг Роман Гриффин Дэвис таласты. 2019 жылы осы сыйлықты Рами Малек «Богемская рапсодия» фильміндегі Фредди Меркьюри рөлі үшін алған еді. Комедия/мюзиклдегі үздік актриса Аквафина (рэп-орындаушы Awkwafina) «Прощание» картинасындағы рөлі үшін алды. «Дрянь» картинасы «Үздік комедия сериалы» номинациясында жеңіске жетті. Квентин Тарантино «Алтын глобусты» «Однажды в... Голливуде» фильмінің сценарийі үшін алды. Бұл оның осымен үшінші сыйлығы. Британдық актриса Оливия Колманға «Корона» сериясындағы рөлі үшін «Алтын глобус» табыс етілді.

Хабар 24 телеарнасы