411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Джастин Бибердің әйелі Селена Гоместің жанкүйерлерінен шаршады

  • 248
  • UPD: 01:35, 07.01.2020
Джастин Бибердің әйелі Селена Гоместің жанкүйерлерінен шаршады

Канадалық әнші Джастин Бибердің әйелі модель Хейли Болдуин әнші Селена Гоместің инстаграмдағы жанкүйерлерінен әбден мезі болғанын айтты.

Болдуиннің айтуынша, ол адамдармен араласып, ашық жарқын жүздескенді жақсы көреді және сезімдерін ашық көрсетеді екен. Ал адамдардың оның бұл қасиеттерін байқамайтыны қынжылтады. Әлеуметтік желі – адамдарды бір-біріне қатысты жауыздыққа итермелеп, тіл тигізуге дейін апаратын құрал.

«Жұрттың мені өзгемен салыстыра беруі оңайға соқпай тұр. Шетінен қорытынды жасағыш және көріпкел болып алған. Жұрттың ойындағы стандартқа сәйкес болмасаң да қиын екен… бұл енді өзі бір бітпейтін әңгіме», — деп жазды модель.

Еске сала кетсек, Джастин Бибер Селена Гомеспен 2011-2013 жыл аралығында кездесті. 

Instagram

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы