422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Хорватиядағы президенттік сайлауда бұрынғы премьер-министр жеңді

  • 281
  • UPD: 13:46, 06.01.2020

Хорватияда өткен президенттік сайлауда оппозициялық Социал-демократтар партиясының атынан сайлауға түскен бұрынғы премьер-министр Зоран Миланович жеңіске жетті.

Мемлекеттік сайлау комиссиясы екінші кезеңде Милановичтің 53 процент дауыс жинағанын мәлімдеді. Ал елдің қазіргі президентіне сайлаушылардың 47 пайызы дауыс беріпті. Енді Миланович Хорватияның жаңа басшысы қызметіне ақпан айында кіріседі.

Айта кетейік, 1 қаңтардан бастап, Еуропа одағында төрағалық ететін Хорватия осы жылдың соңында парламент сайлауын өткізеді.

Хабар 24 телеарнасы