376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испания жағалау күзеті 60 мигрантты құтқарды

  • 149
  • UPD: 14:00, 06.01.2020
Испания жағалау күзеті 60 мигрантты құтқарды

Испанияның жағалау күзеті Атлант мұхитында 60 заңсыз мигрантты құтқарды. Олардың арасында қаза тапқан бір босқынның мәйіті болған.

Мәлім болғандай, ол жолда көз жұмыпты. Қазір босқындардың барлығы Гран-Канария аралындағы Аргенегин портына жеткізілді. Айта кетейік, жыл сайын Африка мен Таяу Шығыс елдерінен шыққан мыңдаған кірме теңіз арқылы Еуропаға жетуге тырысады.

Испания ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2019 жылы теңіз арқылы ел аумағына 25 мыңдай азамат заңсыз өтпек болыпты.

Хабар 24 телеарнасы