447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемдегі ең қарт әйел 117 жасқа толды

  • 390
  • UPD: 15:24, 06.01.2020
Әлемдегі ең қарт әйел 117 жасқа толды

Жапонияда Канэ Танака есімді әлемдегі ең қарт әйел өзінің туған күнін атап өтті. Кейуана биыл 117 жасқа келді.

Қазір Канэ әжей Фукуока қаласындағы қарттар үйінде тұрып жатыр. Өткен жылы ол әлемдегі ең қарт әйел ретінде Гиннесс рекордтар кітабына кірді. Бір қызығы, әлі күнге дейін математикалық есептерді шешкенді ұнатады.

Хабар 24 телеарнасы