Кенияда лаңкестер әскери базаға шабуыл жасап, 3 америкалық сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тағы 2 АҚШ жауынгері жарақат алды. Содырлар Мэнда-бэй әуежайының маңындағы Кения әскери базасын басып алуға талпынды. Әуежай аумағында атыс болып, қарулы топтар 6 ұшақты талқандап үлгерген. Бірақ кениялық күштер лаңкестердің шабуылына тойтарыс беріп, 4 лаңкестің көзін жойды. Әскерилердің мәлімдеуінше, шабуылды «Әл-Шабаб» деп аталатын лаңкестік ұйымның содырлары жүзеге асырған.