375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польшада ауыр дертке шалдыққандарды күту орталығы өртенді

  • 154
  • UPD: 21:44, 06.01.2020
Польшада ауыр дертке шалдыққандарды күту орталығы өртенді

Польшаның Хойнице қаласында ауыр дертке шалдыққан адамдарды күту орталығы өртеніп, 4 кісі қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 22 тұрғынға иіс тиіп, аураханаға жеткізілді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына тез жетіп, жалынды өшірді. Қазір өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Алдын ала тергеуге қарағанда от бір адамның темекісінің шоғынан тұтанған.

Хабар 24 телеарнасы