425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пентагон Таяу Шығысқа қосымша әскер жөнелтпек

  • 503
  • UPD: 12:13, 07.01.2020
Пентагон Таяу Шығысқа қосымша әскер жөнелтпек

АҚШ десантшылары Таяу Шығысқа жөнелтілуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пентагонның мәлімдемесіне сай Ирак, Кувейт және аймақтың басқа да өңірлерінде 3 мыңға жуық әскери қызметкер орналаспақ. Қазірдің өзінде аталған аймаққа 82-ші әуе десанты дивизиясының 700 жауынгері жөнелтіліпті. Америка Қорғаныс министрлігі өкілдерінің сөзінше, қосымша күштің жіберілуі Вашингтон мен Тегеран арасындағы шиеленістің ушыға түсуіне түрткі болған генерал Сулейманидің өліміне тікелей жауап емес. «Бұл – Ирактағы Америка елшілігін қорғауға бағытталған қадам», - деді ведомстводағылар. Өз кезегінде Иран сыртқы істер министрі Джавад Зариф күні кеше мәлімдеме жасап,

АҚШ Касем Сулейманиді өлтіру арқылы ол әлем қаһарына іліккенін айтты. Ал көршілес Ирак елінің премьері Әділ Абдул-Махди АҚШ елшісі Мэтью Тьюллерге шетел әскерін елден шығару жөнінде Ирак парламенті қабылдаған резолюцияны іске асыруда екі ел бірлесе жұмыс істеуі керектігін жеткізді. Бұған қоса, ол бұл оқиғаның салдары қаншалықты қауіпті болуы мүмкін екенін топшылап, ашық соғыстың болмауы үшін Ирак қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы